02 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №211

498 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 23 ақпан, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы функцияларын атқару мерзімін айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық депар­та­менті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейін «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясының функцияларын атқарсын. 2. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің аумақтық департаменті – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы әкімшілігі» республикалық мемлекеттік мекемесі «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясының қызметін атқару мерзімін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 157 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9879 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қарашада «Әділет» ресми ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.Қ. Хаиров) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін құқықтық ақпарат орталығына жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13547 болып енгізілді.